16.09.2017, 10:29 5500

Алматы жастары Байбекпен кездесу барысында қазақ тілініӊ латын әрпіне көшуіне қолдау білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі "Almaty Zhastary" атты жаӊа орталықтыӊ ашылуына қатысты.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today -Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі "Almaty Zhastary" атты жаӊа орталықтыӊ ашылуына қатысты. Бұдан өзге, қала басшысы "Дүйсенбілік футбол-2017" жобасына қатысушылармен кездесті, осы жоба аясында мегаполистіӊ сауда орындары командалары арасында мини- футболдан турнир ұйымдастырылды, ал мұндағы ойыншылардыӊ басым көпшілігі - сырттан келген жастар.

Жастардыӊ жан- жақты жетілуіне әрі біліктілігіне, сонымен қатар қала өміріне бейімделуіне ықпал ететін жаӊа орталық Атлеттер ауылыныӊ аумағына орналасқан. Жаӊа орталықта болған Алматы әкімі коворкинг орталығыныӊ, шығармашылық шеберхананыӊ, жастардыӊ жұмысқа орналасуына, кәсіпке бейімделуіне, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қызмет көрсететін Орталықтыӊ жұмысымен танысты.

"Барлық қызмет түрлері, барлық шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер тегін көрсетіледі және барлық клубтарға ақысыз кіруге болады. Тіпті, ағылшын тілі мен компьютерлік сауат ашу курстары да тегін жүргізіледі.Тек Алатау ауданыныӊ ғана емес, Алматы қаласыныӊ жастары да орталықтыӊ қызметін пайдалана алады", - деп атап өтті қала студенттері Альянсыныӊ басшысы Сандуғаш Сандыбаева

Кездесу барысында қала жастарын толғандыратын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жастар қазақ тілініӊ латын әрпіне көшуін қолдайтындықтарын білдірді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Дүйсенбілік футбол-2017"жобасы аясында қала сауда базарларыныӊ командалары арасында мини- футболдан өткен бірінші қалалық турнирдіӊ жеӊімпаздарымен кездесті. Бұл жобаныӊ мақсаты - сырттан келген жастарды қалалық мәдени- бұқаралық шараларға кеӊінен тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирге мегаполистіӊ 40 ірі сауда базарыныӊ 44 командасы қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны