07.04.2018, 14:32 10102

"Алматы жастары" жобасы аясында 100 жас отбасы жаӊа қоныс иесі атанады

Оныӊ сөзінше, студенттік жатақхана мен жас отбасыларға қолжетімді баспана ұсыну мәселелерін шешу үшін жол картасы аясында Алматы қаласыныӊ студенттеріне 2020 жылға дейін 20 жаӊа жатақхана салу жоспарланды. ЖОО-дарына арналған 20 жаӊа жатақхананыӊ бесеуініӊ (2 500 орын) құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін аяқталады

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "Алматы жастары" жобасы аясында 100 жас отбасы жаӊа қоныс иесі атанады. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен брифингте Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Шыӊғыс Бескемпіров мәлімдеді.

Оныӊ сөзінше, студенттік жатақхана мен жас отбасыларға қолжетімді баспана ұсыну мәселелерін шешу үшін жол картасы аясында Алматы қаласыныӊ студенттеріне 2020 жылға дейін 20 жаӊа жатақхана салу жоспарланды. ЖОО-дарына арналған 20 жаӊа жатақхананыӊ бесеуініӊ (2 500 орын) құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін аяқталады.

Жол картасына сәйкес "Алматы жастары" жеӊілдетілген баспанамен қамту жобасы бойынша "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" арқылы несиемен баспана алудыӊ алғашқы қадамдары жасалды. Жергілікті бюджеттен арнайы жоба үшін бір миллиард теӊге көлемінде қаржы бөлінді.

"Алматы жастары" жобасыныӊ тағы бір артықшылығы, қатысушылардыӊ жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Халықтыӊ әлеуметтік осал бөлігіне - көпбалалы отбасы, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар және жетімдерге біраз жеӊілдік шаралары қарастырылған. Төмен пайыздық мөлшерлемемен 10 млн. теӊгеге дейінгі несиелер жылына 5% өсіммен берілетін болады. Жыл аяғында "Алматы жастары" жобасы бойынша 100 жас отбасы жаӊа қоныс иесі атанады,-деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, "Алматы" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы жастарға (студенттер, 35 жасқа дейінгі жас отбасылар) арналып жатақханалар салу жобасы қарастырылуда. Қазіргі таӊда Алматы Энергетика және байланыс университетімен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен, Алматы Менеджмент университетімен және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен меморандумға қол қойылды,-деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны