02.10.2008, 19:00 3348

Алматы жылыту маусымына 100% дайын

Алматы жылыту маусымына 100% дайын

Алматы. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жылыту маусымына 100% дайын. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Сманқұлов журналистерге арналған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, "биыл көп жылдан бері алғаш рет 1-ші ЖЭО ұзақ мерзімге тоқтатылып, оны жөндеуге 700 млн астам теңге игерілді. Сондай-ақ, "Алматы электр станцияларына" жөндеу жұмыстарына 7,5 млрд астам теңге бөлінді. Бұл қаржыға қазандық агрегаттарын, генераторларды, Алматыдағы барлық электр станцияларының беруші және жалғастырушы қуаттылықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде республикалық бюджеттен қаладағы жылу желілері мен жылу магистральдарын жаңғыртуға шамамен 5 млрд теңге жұмсалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны