09.11.2010, 18:40 4897

"Алматы Жылу" холдингінің жаңа басшысы тағайындалды

"Алматы Жылу" қалалық коммуналдық кәсіпорны холдингінің басшылығына Михаил Коржов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 9 - қараша. Kazakhstan Today - "Алматы Жылу" қалалық коммуналдық кәсіпорны холдингінің басшылығына Михаил Коржов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы әкімінің жарлығымен жақында құрылған қаланы жылуэнергиямен қамтамасыз ететін "Алматы Жылу" қалалық коммуналдық кәсіпорны холдингінің басшылығына бұған дейін қала әкімінің энергетикалық кешен, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй мәселелерін дамыту жөніндегі Бас инспекторы қызметін атқарып келген Михаил Коржов тағайындалды.

Бұрын хабарлағанымыздай, "Алматы Жылу" ҚКК холдингінің құрамына "Алматы жылу желілері" ЖШС және "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС компаниялары кіреді. Ондағы "Алматы жылу желілері" ЖШС жылу энергиясын беру мен тарату жұмыстарын атқарады. Ал "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС бу мен ыстық су түріндегі жылу энергияларын өндіру, беру және тарату жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, оны қолданушыларға бақылау жасап отыратын болады.

Бүгінгі күнде холдинг алдына жылу шаруашылығын жеткілікті әрі ысырапсыз ету міндеттері қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны