13.07.2016, 17:58 3930

"Алматы жылу жүйелері" тұтынушыларға ақшаларын қайтаратын болды

"Алматы жылу жүйелері" ЖШС 435 млн теӊге заӊсыз кіріс кіргізген, алайда ол тұтынушылардыӊ ақшасын тарифті төмендету арқылы қайтаратын болды

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - "Алматы жылу жүйелері" ЖШС 435 млн теӊге заӊсыз кіріс кіргізген, алайда ол тұтынушылардыӊ ақшасын тарифті төмендету арқылы қайтаратын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, жылу энергиясын беру, тарату және қамту қызметтерін көрсететін "Алматы жылу жүйелері" ЖШС-ныӊ 2013-2015 жылдардағы жұмысын жоспарлы тексеру барысында кәсіпорын тарапынан құқық бұзылғаны анықталған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар тексеру кезінде "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заӊнаманыӊ бірнеше рет бұзылғаны" анықталып, осыған байланысты серіктестікке 10,2 млн теӊге айыппұл салынды. Бүгінде кәсіпорын айыппұлды толық көлемде өтеген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны