31.08.2018, 14:35 12605

Алматы жұрты Ата Заӊымыз - Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті

Елбасымыз Тәуелсіздігіміздіӊ алтын бесігі деп ардақтайтын Алматы жұрты да Ата Заӊымыз - Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті. Қаламыздыӊ жүрегінде орналасқан Республика сарайында өткен бұл жиынға еліміздіӊ өркендеуіне үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, еӊбек ардагерлері мен әр салада халқына қызмет етіп жүрген ел азаматтары қатысты.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасымыз Тәуелсіздігіміздіӊ алтын бесігі деп ардақтайтын Алматы жұрты да Ата Заӊымыз - Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті. Қаламыздыӊ жүрегінде орналасқан Республика сарайында өткен бұл жиынға еліміздіӊ өркендеуіне үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, еӊбек ардагерлері мен әр салада халқына қызмет етіп жүрген ел азаматтары қатысты.

Жиынға қатысқан қала басшысы Бауыржан Байбек алматылықтарды Ата Заӊымыздыӊ қабылданған күнімен құттықтап, баяндама жасады. Қала басшысы өзініӊ баяндамасында Ата Заӊымыз қабылданған осы жиырма үш жылдан бергі мемлекетіміздіӊ тарихына, еліміздіӊ экономикалық, әлеуметтік, халықаралық деӊгейдегі қол жеткізген жетістіктеріне, қазақ елініӊ әлемдік өредегі мәртебесіне тоқталып, Қазақстан халық достығы мен татулықтыӊ алтын ордасы, алты құрлыққа танымал ел болғандығын мақтанышпен жеткізді. Қазақстанныӊ жетістіктерініӊ бастауы да қайнар көзі Алматыдан бастау алатындығын, Алматы қаласыныӊ еліміздіӊ бас қаласы, қаржы орталығы ғана емес, рухани, мәдени және ұлы достықтыӊ да алтын ордасы екендігін айрықша атап өткен Бауыржан Байбек, кейінгі жылдары қаламызды шын мәніндегі мыӊ бояулы қалаға айналдырып, қаланы сүйетін адамдар үшін оныӊ жайлы да, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жолында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қалаға жаӊадан қосылған Алатау, Наурызбай аудандары бойынша атқарылып жатқан ауқымды шаруаларға, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге де кеӊінен тоқталды. Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында және де Астанамыздыӊ 20 жылдығына орай жүзеге асырылып жатқан мәдени, рухани шаралардыӊ Алматы халқыныӊ ғана емес, республика тұрғындарыныӊ назарын аударып, Мәӊгілік елді ұлы мұраттарға жетелейтін, соған қазық болатын бастамалардыӊ қолға алынып отырғандығын да айтып өтті. Қазіргі заманныӊ еӊ басты байлығы - білім болса, Алматы қаласыныӊ биыл жетінші рет Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша үздік атанғанын, Мемлекеттік грантты жеӊіп алған жастардыӊ 17 пайызы осы қалада білім алатындығын да қала басшысы Ата Заӊымыздыӊ жастарға берген үлкен мүмкіндіктері ретінде атап өтті.

"Айта кетейік, биыл жаӊа оқу жылына бөлінген гранттар саны 17 пайызға өсіп, 22 мыӊды құрады. Яғни, республика көлеміндегі грант саныныӊ 30 пайызы Алматы қаласыныӊ жоғары оқу орындарына берілген. Қазіргі қолданылып жүрген Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданғанын айта кету керек. Оған дейін яғни, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі 1993 жылдыӊ 28 қаӊтарында өзініӊ алғашқы Ата Заӊын қабылдаған болатын", - деді Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысыныӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ да Алматыда сәтті қолға алынып отырғандығын, осы бағдарлама негізінде салынып жатқан пәтерлердіӊ 393-і Алматыда, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасыныӊ алғашқы кезеӊіне қатысып отырған 150 мыӊ адамныӊ 23 мыӊы Алматы қаласыныӊ тұрғындары екендігін, жалпы осы бес әлеуметтік бастама бағдарламасында көтерілген мәселеніӊ де Алматыда оӊтайлы шешім тауып жатқандығын салтанатты жиынға қатысушыларға қуана жеткізді.

Қала басшысы өз сөзінде қаланыӊ кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігін салыстыра айта келіп, осы игіліктердіӊ барлығы адамныӊ өмірі, тұрмысы мен құқықтарына негізделген Ата Заӊымыздыӊ аясында жүзеге асырылып жатқандығын айтып, заӊы үстем елдіӊ заманы тыныш дей келіп, алматылықтарды Ата Заӊымыздыӊ қабылданған күнімен құттықтап, мол игіліктер тіледі. Салтанатты жиын соӊы қала әкімі оркестрініӊ сүйемелдеуімен өткен мерекелік концертке ұласты.

Заӊнамаға сәйкес, 30 тамыз Конституция күні - демалыс күні екені белгілі. Биыл мереке бейсенбіге түсіп тұрғандықтан, Үкімет қаулысымен, 25 тамыздағы демалыс күні 31 тамызға ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 30 тамыздан 2 қыркүйекке дейін 4 күн демалады.

"Алматы ақшамы" газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны