23.05.2016, 19:21 4291

Алматы-Бішкек тас жолында екі көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды

Жамбыл ауданы Ақтерек ауылыныӊ маӊында "Форд Фокус" пен "Хонда Элисон" маркалы қос көлік соқтығысты. Жол апаты "Алматы-Бішкек" тас жолыныӊ 109 шақырымында орын алған

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл ауданы Ақтерек ауылыныӊ маӊында "Форд Фокус" пен "Хонда Элисон" маркалы қос көлік соқтығысты. Жол апаты "Алматы-Бішкек" тас жолыныӊ 109 шақырымында орын алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдын ала болжам бойынша, "Форд" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "Хонда" көлігімен соқтығысқан", - деп мәлімдеді облыстық полициядан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оқиға орнында 5 адам жан тапсырды, тағы екеуі - 45 жастағы "Хонда" жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушы Ұзынағаш ауылындағы ауруханада көз жұмған.

Қазір апат орнында Жамбыл АІІБ жедел тергеу тобы мен облыстық жол-патруль полициясыныӊ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны