09.09.2015, 16:22 4116

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апаты: 5 адам ажал құшты

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты

Алматы. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбей Нұрахметов хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жол апаты бүгін таӊғы 7-де Алматы-Бішкек тас жолыныӊ 122-ші шақырымында болған. Жамбыл облысы Ақтерек ауылыныӊ маӊында.

Мерседес пен Лада Приора бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала анықтау жұмыстарына сәйкес, Лада Приораныӊ жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен.

Екі көліктіӊ де жүргізушілері ауыр жарақаттармен жақын маӊдағы ауруханаға жеткізілді. Лада Приорада отырған 2 жолаушы, Mercedes көлігіндегі 3 жолаушы мерт болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны