01.09.2009, 16:48 7001

Алматыда "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша биыл 4 мектеп салынды

Алматыда "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша биыл 4 мектеп салынды

Алматы. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша биыл 4 мектеп салынды. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін қаланың бірқатар оқу орындарында болған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов құлағы нашар еститін №1 мектеп- интернатта болды.

Қала басшысы күрделі жөндеуден өткен жарымжан балаларға арналған мектепті аралап, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерімен, оқу- тәрбие жұмысымен танысты.

№1 мектеп- интернатта құлағы саңырау және нашар сөйлейтін балалар білім нәрімен сусындайды. Балалардың барлығы - естуінің нашарлығы жағынан мүгедектер.

Аталаған мектеп - интернатта сабақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылы жасаған оқу жоспары бойынша өтеді.

Бұл оқу орнының негізі 1931 жылы "Саңырау балалар институты" ретінде құрылған болатын. №1 мектеп- интернат жарымжан балалар оқитын Қазақстандағы бірден бір оқу орны. Жаңа мектепті ашқандағы мақсат- жарымжан балалардың білім алуына жағдай жасау, оларды әлеуметтік жағынан реабилитация лау.

Оқу корпусы 1964 жылы іске қосылған болатын. 2008 жылы мектеп сейсмикалық төзімділігіне және басқа да жағдайларға қатысты күрделі жөндеуден өтті.

2009 жылы мұнда 192 орынды жаңа жатын корпусы іске қосылды.

Қала әкімі осындай жарымжан балалармен жұмыс істеп жүрген ұстаздар ұжымының жұмысын өте жоғары бағалады және мүгедек балаларға жасап отырған еңбектеріне алғыс айтты. Қала басшысы оқу орнының ескі корпусын күрделі жөндеуден өткізу мен жаңа жатын корпусын салуға 1млрд. теңге жұмсалғандығын жеткізді.

Қазіргі кезде Алматыда 11 мектеп - интернат бар.

Бүгін қаладағы 180 мектептің барлығы өз есіктерін айқара ашты, оқу жылы басталды. Қала мектептерінде жаңа оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы білім алуда.

"100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша қалада биыл 4 мектеп салынды, оның 2 -і өз жұмыстарын бастап та кетті, ал қалған 2-і үстіміздегі жылдың аяғында берілетін болады. Барлық нысандар құрылысы көрсетілген уақыттарына сай салынып жатыр. Біз бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырамыз, оған еш күмән жоқ",- деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі, сонымен қатар, халықаралық Haileybury Almaty мектебінде болып, жаңа оқу жылының және спорт алаңының ашылу салтанатына да қатысты.

Бұл элиталы мектептің негізі тәуелсіз жеке Haileybury моделі аясында өмірге келген болатын. Мұндай мектептер Англияда 150 жылдан бері жетекші оқу орны болып есептелінеді.

Икім оқушыларды жаңа оқу жылымен және жаңа стадионның ашылуымен құттықтады. Ол оқушыларға терең білім мен салауатты өмір салтын тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны