21.01.2016, 19:27 4560

Алматыда 10 адам доӊыз тұмауын жұқтырған

Қауіпті кесел жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез тараған соӊ бүгін Алматыныӊ шенділері тілшілерді жинап, қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады

Алматы. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қауіпті кесел жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез тараған соӊ бүгін Алматыныӊ шенділері тілшілерді жинап, қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Илеуметтік желілерде лезде тарап үлгерген түрлі жазбалар қазір отандастарымыздыӊ алаӊдаушылығын тудырған. Дегенмен дәрігерлер сабырға шақырып отыр. 10 адамныӊ, оныӊ ішінде 3 баланыӊ осы қауіпті кеселді жұқтырғанын растаған мамандар, "доӊыз тұмауыныӊ" емделетінін айтты. Ал ғаламторда тарағандай жапай өліп жатқан ешкім жоқ деп сендірді эпидемиологтар. Ирі бұл кеселдіӊ де кәдімгі тұмаудыӊ белгілерінен айырмашылығы жоқтыӊ қасы екен. Сондықтан, қызу көтеріліп, жайсыз сезінген бойда дәрігерлердіӊ көмегіне жүгінген жөн. Бұл ретте, тұрғындардыӊ алаӊдауына да негіз бар. Өйткені қазір қауіпті кесел Украина мен Арменияда дендеп тұр. Мұнда жүзге тарта адам "доӊыз тұмауыныӊ" құрбаны болған. Ал біздіӊ елде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендердіӊ ісімен полиция айналысып жатыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Алмаш Ахметова, Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау комитеті эпидемиологиялық қадағалау бөлімініӊ басшысы:

-Былтырмен салыстырғанда 7,1 пайызға жоғары, бірақ негізгі көрсеткіштен аспайды. 43 мыӊнан аса адам тіркелді. Олардыӊ 72,4 пайызы балалар. Барлығы дер кезінде анықталғандықтан ешқандай асқыну және өлім-жетім жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны