04.01.2013, 13:59 3599

Алматыда 10 қаңтардан бастап жарық 5,9%-ға қымбаттамақ

"Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша электр энергиясының экономикалық тұрғыдан негізделген тарифі сағатына 1 кВт - 13,56 теңге. (12 % қосымша құн салығын қосқанда 15 теңге)", - делінген мәлімдемеде.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Электр энергиясы нарығында орын алған өзгерістерге байланысты "Алматыэнергосбыт" ЖШС Алматы қаласы мен облысы аймағында электр энергиясы тарифінің көтерілетінін мәлімдейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланған.

"Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша электр энергиясының экономикалық тұрғыдан негізделген тарифі сағатына 1 кВт - 13,56 теңге. (12 % қосымша құн салығын қосқанда 15 теңге)", - делінген мәлімдемеде.

"Алматыэнергосбыт" компаниясына қарасты аймақта тарифтердің 5,9 %-ға көтерілуі елдің электр стансаларындағы бастапқы бағаның көтерілуімен байланысты. Бағаның жоғарылауы ҚР Үкіметінің №392 "Шекті тарифтерді бекіту" туралы қаулысына сәйкес аймақтық, аймақаралық желілер арқылы энергияны тарату, тасымалдау қызметтерінің қымбаттауынан болып отыр.

Сонымен, қарапайым халық үшін әртараптанған тарифтер көлемі (ҚҚС қоса есептегенде):

- бірінші деңгей 13,45 теңге 1кВТ сағ, екінші деңгей - 18,23 теңге 1 кВт сағ, үшінші деңгей - 20,35 теңге 1 кВт сағ.

Тәулік мерзіміне қарай әртараптанған тарифтер (12 пайыз ҚҚС қосқанда):

- қос зоналы жүйе бойынша - күндізгі тариф (таңғы 7-ден түнгі 23.00-ге дейін) - 19,48 теңге 1 кВТ сағ, түнгі тариф (түнгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін) 4,29 теңге 1 кВт сағ.

Үш зоналы жүйе бойынша:

- күндізгі тариф (таңғы 7-ден кешкі 19.00-ге дейін) 15,19 теңге 1 кВт сағ,

- максимум уақыттағы тариф (кешкі 19.00-ден түнгі 23,00-ге дейін) - 31,77 теңге 1 кВт сағ,

- түнгі тариф (түнгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін) 4,29 теңге 1кВт сағ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны