07.05.2008, 18:43 2922

Алматыда 10 күннің ішінде біріктірілген кенттер мәселесі бойынша кешенді ұсыныстар дайындалады

Алматыда 10 күннің ішінде біріктірілген кенттер мәселесі бойынша кешенді ұсыныстар дайындалады

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда арнайы комиссия 10 күннің ішінде біріктірілген кенттер мәселесі бойынша кешенді ұсыныстарды дайындауы қажет, деп хабарлайды агенттік қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚР президентінің "Алматы қаласының шекарасын өзгерту жөніндегі " 29.04.98 жылғы № 3929 бұйрығымен кенттер қалаға біріктірілді. Кенттердің территориялары қисынсыз салынып отырды. Сондықтан осы күнге дейін шалғайдағы аудандарда ауыз су, жол, денсаулық сақтау нысандары, мектептер, құқық қорғау органдары жоқ ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл мәселе бүгін Алматы әкімдігінде қала департаменті жетекшілері қатысқан кеңесте қарастырылды. Оңтүстік астана әкімі Ахметжан Есімов арнайы комиссияны құрып, 10 күннің ішінде кенттердің мәселесін шешетін кешенді ұсыныстарды дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар,"аудандық әкімдіктерге елді мекендерде өзін өзі басқаруды ұйымдастыру шараларын жасауды тапсырды. Сөйтіп тұрғындар тәртіпті, санитарлық жағдай мен нормаларды өздері бақылайтын болады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. А. Есімов кент тұрғындарына әсіресе азаматтарды тіркеуге алу мәселесі бойынша тиісті көмек көрсетуді тапсырды. "Көпбалалы аналар мен көмекке зәру болып отырғандар төлем ақы ала алатын болсын", - деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар жиналыста жерлерді басып алу мәселесі де талқыланды. А. Есімов аудан әкімдеріне жер мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Алматыға біріктірілген кенттерге "Шаңырак-1", "Шаңырак-2", "Ақ Бұлақ", "Қалқаман", "Айгерім", "Құрылысшы", "Ұлжан", "Құлагер" және тағы басқалары кіреді , деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны