19.01.2018, 17:37 6122

Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаӊарды

Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаӊа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты.

Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап "Қазахфильм" және Қонаев көшесі, Райымбек даӊғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты минут. Төмен еденді 9,5 метрлі автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша жаӊарған жылжымалы соства барысында бұл бағытта жолаушы легі жетіден 9,5 мыӊ адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұрындары №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаӊа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаӊарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардыӊ 230-ы бағыттар бойынша жолда жүр, 160 жаӊа автобус ақпан айыныӊ соӊына дейін кезеӊмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаӊа автобус алды, олардыӊ 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны