18.01.2018, 22:44 3969

Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаӊарды (ВИДЕО)

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы құрамды жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық санаттағы жаӊа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты.

Алматы. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы құрамды жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық санаттағы жаӊа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты.

Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап "Қазахфильм" және Қонаев көшесі, Райымбек даӊғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, автобустар арасындағы ұзақтық алты минуттан. Төмен еденді 9,5 метрлі автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған.
Болжам бойынша жылжымалы құрамныӊ жаӊартылуынан бағыттағы жолаушылар легі жеті мыӊнан 9,5 мыӊға дейін артады деп күтілуде.

Бұрындары жаӊа автобустар №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жолға шығып, №77 бағыт қайта жаӊартылып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Жалпы Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардыӊ 230-ы бағыттар бойынша жолда жүр, 160 жаӊа автобус ақпан айыныӊ соӊына дейін кезеӊ-кезеӊмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаӊа автобус алды, олардыӊ 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде деп мәлімдейді Kazakhstan Today.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны