31.05.2018, 17:38 11032

Алматыда 1300 оқушы батырлар жырын жаттауға кірісіп кетті

Ал, алматылық балалардыӊ дәл бұлайша белсенділік танытуы бекер емес. Байқауды жеӊген оқушыға 1 500 000 теӊге ақшалай сыйлық беріледі. Тиісінше, екінші орынға - 1 000 000, үшінші орынға - 500 000 мыӊ теӊге жүлде тағайындалған.

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Алматылық оқушылар арасында "Тұлпар мініп, ту алған!" деген атаумен 10 күн бұрын батырлар жырын жатқа айтудан байқау басталған болатын. Осы қысқа ғана уақыт ішінде сайыста бақ сынағысы келген 1300-ден астам бала өтінім беріп үлгеріпті. Яғни, енді кемі 1300 оқушы жаз бойы Алпамыс батыр жырын бастан-аяқ жаттайтын болады.

Айта кетейік, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан байқауды Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен R-Media компаниясы ұйымдастырып отыр. Жоба жетекшілерініӊ айтуынша, байқауға қызығушылық танытып, оныӊ ауқымды өтуіне ниет білдіріп жатқан ұйымдардыӊ қатары арта бастапты. Солардыӊ бірі - Ұлттық аударма бюросы. Аталған қоғамдық қор бүгінде Мемлекет басшысыныӊ "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасын жүзеге асырып келеді. Енді батырлар жырларыныӊ балалар арасында кеӊінен таралуына үлес қоспақ ниетте.

Ал, алматылық балалардыӊ дәл бұлайша белсенділік танытуы бекер емес. Байқауды жеӊген оқушыға 1 500 000 теӊге ақшалай сыйлық беріледі. Тиісінше, екінші орынға - 1 000 000, үшінші орынға - 500 000 мыӊ теӊге жүлде тағайындалған. Сондай-ақ, оларды жыр сайысына дайындаған ұстаздары да назардан тыс қалмақ емес. Жүлделі орын алған әрбір оқушыныӊ мұғалімі Англияныӊ Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіретін мектепте ағылшын тілін үйреніп келеді.

Айта кетейік, байқау Алматыдағы орта білім беретін барлық мектептердіӊ 6-10 сынып аралығында оқитын оқушылары арасында өтеді. Жобаны Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен R-Media компаниясы ұйымдастырып отыр.

"Байқауды жариялағанымызға санаулы күн өтсе де қатысушылардыӊ саны өте көп. Қазіргі таӊда 1300-ден астам оқушы өтінім беріп үлгерді және бұл цифра әлі де өсуі мүмкін. Қатысушылар енді 3 ай жаздық каникулында "Алпамыс батыр" жырын басынан аяғына дейін жаттаулары тиіс. Қыркүйек айыныӊ басында аудандық іріктеу кезеӊін өткізіп, айдыӊ аяғында қалалық деӊгейдегі байқаудыӊ нәтижесін шығарамыз", - дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Жалпы, байқау 2 деӊгейден тұрады: аудандық және қалалық. Аудандық сайыста үздік шыққан үш оқушы қалалық байқауда бақ сынайды. Яғни, Алматыдағы 8 ауданнан іріктеліп алынған 24 оқушы жүлделі орындарды өзара сарапқа салады. Басты мақсат - балалар арасында кітап оқуды, оныӊ ішінде қазақ халқыныӊ батырлық эпостарын насихаттау, өскелеӊ ұрпақтыӊ шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны