27.03.2013, 10:42 3344

Алматыда 13 экобекет қала экологиясын бақылауға алмақ

Ал жолдардағы қауіпсіздікті бейнекамералар бақылайтын болады.

Алматы. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда 13 экобекет қала экологиясын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл жөнінде Мемлекет басшысының қатысуымен елдің оңтүстік өңірлерін дамыту бойынша өткен жиналыста қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

"Қалаға кіре берістегі жол бойына 13 экологиялық бекет орнатылады, олар автокөліктің улылығының мөлшеріне бақылау жасайды", - деді А.Есімов.

Ал жолдардағы қауіпсіздікті бейнекамералар бақылайтын болады.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 107 кедендік бейнебақылау орнатылған жол қозғалысының қауіпсіздігі жүйесін құру жобасы аяқталды. Тәжірибе көрсеткендей, аталған камералар жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ, айыппұлдардың бюджетке келіп түсуін де қамтамасыз етуде. 1,8 млрд теңге айыппұл салынса, оның 225 млн теңгесі төленіп қойды", - деп түсіндірді А.Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны