06.05.2014, 23:09 28209

Алматыда 14 ардагер мен мүгедек пәтермен қамтылды

Қала басшысы қала үшін қарттарға құрмет көрсету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Тек соңғы 5 жыл ішінде Ұлы отан Соғысының ардагерлеріне 153 пәтер берілді. Бүгінгі таңда ҰОС пәтерге мұқтаж ардагерлері баспанамен толық қамтылды.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Ұлы Отан Соғысының 69 жылдығы қарсаңында қала әкімі Ахметжан Есімов 10 ардагерге жалдау келісім шарты мен коммуналдық қызмет қорынан алынған пәттер кілттерін табыстады.

Жеңіс Күні мерекесіне орай, Алматыда 14 ардагер пәтерге ие болды, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Қала басшысы ардагерлерге олардың жасаған ерлігі үшін алғыс білдірді. Икім атап өткендей, бұл мереке елдегі ең негізгі мерекелердің бірі.

"Біз сіздердің ерен еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздер ел болашағы үшін күрестіңіздер. Экономикадағы жаһандық дағдарыстарға қарамай мемлекет әлеуметтік міндетін орындады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 1 сәуірден бастап, елде зейнетақы құнының көлемі 14 пайызға өсті. Мәслихаттың шешімі бойынша ағымдағы жылы Алматыда өмір сүріп жатқан ардагерлерге арнайы жәрдемақылар төленеді", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы қала үшін қарттарға құрмет көрсету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Тек соңғы 5 жыл ішінде Ұлы отан Соғысының ардагерлеріне 153 пәтер берілді. Бүгінгі таңда ҰОС пәтерге мұқтаж ардагерлері баспанамен толық қамтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны