15.10.2018, 15:16 6119

Алматыда 14 елдіӊ онколог мамандары бас қосты

8-9 қазан күндері аралығында Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық өӊірлік кеӊсесініӊ қолдауымен ТМД мемлекеттері (Еуразиялық аймақ) балалар онкологиясы саласы сарапшыларыныӊ екінші кездесуі өтті.

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - Балалардыӊ игілігі үшін ортақ күшті біріктіру мақсатында Алматыда ТМД мемлекеттері балалар онкологиясы саласы сарапшылары бас қосты.

8-9 қазан күндері аралығында Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық өӊірлік кеӊсесініӊ қолдауымен ТМД мемлекеттері (Еуразиялық аймақ) балалар онкологиясы саласы сарапшыларыныӊ екінші кездесуі өтті.

14 ел сарапшыларыныӊ басын қосқан алқалы басқосудыӊ басты мақсаты - Еуразиялық аймақтағы елдер арасында онкологиялық дертке шалдыққан балалардыӊ өмір сүру ұзақтығын жақсарту,балалар онкологиясы және гематологиясы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, балалар онкологиясындағы ортақ мәселелерді шешу, бүгінгі жағдайын сараптап, дамудыӊ дұрыс жолын айқындау.

Халықаралық деӊгейде өткен кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ өкілдері, Американыӊ онкологиялық ауруларды емдейтін еӊ жетекші клиникасы болып табылатын Иулие Иуде (Сент Джуд) балалар госпитальініӊ бірінші басшылары мен дәрігерлері (St. Jude Global Alliance), Педиатрия орталығымен тығыз байланыс орнатқан, Қазақсандағы онкологиялық және гематологиялық қызметтіӊ дамуына зор үлес қосып келе жатқан Ресейдіӊ (Москва қ.) Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы мен иммунологиясы федералдық ғылыми-клиникалық орталығы, Беларус елініӊ (Минск қ.) Балалар онкологиясы, гематологиясы мен иммунологиясы ғылыми-практикалық орталығыныӊ басшылары мен онколог-дәрігерлері, сондай-ақ Молдова, Украина, Грузия, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан, Изірбайжан, Моӊғолия, Қазақстан, Қырғыз елдерініӊ онкология және гематология саласыныӊ жетекші мамандары мен сарапшылары қатысты. Еске сала кетейік, бірінші кездесу 2018 жылдыӊ 23-25 сәуір күндері аралығында Мәскеу қаласындағы Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы мен иммунологиясы федералдық ғылыми-клиникалық орталығында өткен еді.

Шараныӊ ашылу салтанатында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ басшысы Риза Боранбаева: "Бүгінгі кездесудіӊ Қазақстан балалар онкологиясы мен гематологиясы саласы үшін маӊызы зор. Илемдік стандарттарға сай, сапалы жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз ете отырып балалардыӊ денсаулығын қорғау мен нығайту Педиатрия орталығыныӊ басты мақсаты. Қазақстандағы онкологиялық және гематологиялық қызметтіӊ дамуына зор үлес қосып келе жатқан Ресейдіӊ Д.Рогачев атындағы онкологиялық орталыққа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және Американыӊ Сент Джуд балалар госпитальіне бүгінгі маӊызды шараны ұйымдастыруға мұрындық болғандары үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл кездесу балалар онкологиялық қызметініӊ дамуына тыӊ серпін беріп, Еуразиялық аймақ сарапшыларыныӊ ынтымақтастығын одан әрі арттыра түседі деп сенемін", деп атап өтті.

Иулие Иуде (Сент Джуд) балалар госпитальініӊ өкілі Ася Агульник: "Өкінішке орай, бүгінгі күні қатерлі онкологиялық аурулар әлем бойынша балалар өлімініӊ жиі кездесетін себебі болуда. Және ол ТМД елдерінде де орын алуда. Біз жетекші орталықтардыӊ халықаралық сарапшылармен ынтымақтаса отыра, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен әр мемлекеттіӊ қолдауы арқылы қатерлі дертке шалдыққан балалардыӊ өмір сүруін ұзарту көрсеткішін жақсартуды мақсат қойып отырмыз. Біздіӊ біріккен командамыз бұл мақсатқа бірге жете алады деп үміттенемін", деді.

14 елден келген мамандар алдағы уақытта қатерлі ісік пен ақ қан ауруына шалдыққан балалардыӊ өмір сүру ұзақтығын жақсарту жолында күш біріктірмек. Жиын барысында біріккен жоба қатерлі дертке күрес жолында барлық қатысушы елдерді біріктіріп, жоғары сапалы медициналық көмекті алуға мүмкіндік жасап, онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардыӊ өмір сүру ұзақтығын жақсарту жолындағы жаһандық бастаманы іске асырудағы алғашқы қадам екендігі атап өтілді. Кездесуде қатысушылар балалар онкологиясы және гематологиясы саласындағы өзекті мәселелерді талқылап қане қоймай, бүгінгі жағдайын сараптап, өзара пікір алмасты. Екі күн бойы өткен жиында әр елдіӊ мамандары балалардағы қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеудіӊ заманауи әдіс-тәсілдерімен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

- "Біз Қазақ еліне бірінші рет келіп отырмыз. Келуіміздіӊ басты мақсаты жаһандық деӊгейде барлық балаға қатерлі дертті жеӊуге көмектесу. Біз әлемдегі әр баланыӊ өз жасына жетпей өмірден өтпеуі керек деп санаймыз. Және бұл мәселені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ алдына қойған едік. Аталмыш ұйымныӊ қолдауымен өтіп жатқан бүгінгі шара осы мақсаттыӊ алғашқы қадамы. Біз барлық ТМД елдеріне өз көмегімізді көрсеткіміз келеді. Барлық жағынан, атап айтқанда дәрігерлер мен мейірбикелердіӊ біліктіліктерін арттыру, білім беру, ғылымды дамыту, онкологиялық аурулардыӊ диагностикалау мен емдеу әдіс-тәсілдерімізбен, технологияларымызбен, тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз", деді Американыӊ Сент Джуд балалар онкологиялық госпитальініӊ вице-президенті Карлос Родригез-Галиндо.

Оныӊ пікірінше, Қазақстанда балалар онкология саласы бір жүйеге түсіріліп, емдеудіӊ жоғары деӊгейінде. - "Бүгін Педиатрия орталығын аралап, жұмыс барысымен танысып, онкология мен гематология және трансплантология бөлімдерінде болдық. Балалар үшін жоғары деӊгейде барлық жағдайлар жасалған екен. Барлығы көӊілімізден шықты. Исіресе, орталықтандырыған жүйесі мен емдеу сапасына тәнті болдық", деп атап өтті К.Родригез-Галиндо.

Қазіргі таӊда бүкіл әлемдегі онколог, гематолог дәрігерлері еӊ маӊызды міндеттердіӊ бірі - қатерлі дертке шалдыққан балалардыӊ өмір сүру ұзақтығын одан әрі ұзарту мәселесін алдыға қойып отыр. Сарапшылардыӊ Мәскеуде өткен бірінші кездесуі Еуразиялық аймақтағы ортақ мәселелерді анықтап, балалар онкологиясы саласыныӊ алдағы даму бағытын айқындап берсе, екінші кездесу балалар мен жасөспірімдерге паллиативтік көмек беру жүйесін ұйымдастыру және дамыту бағытын, балалар гематологиясы мен онкологиясы саласыныӊ медбикелері үшін бірыӊғай сертификаттау бағдарламасын дайындау, балалардағы қатерлі ісік ауруларын емдеудіӊ кешенді стандарттарын әзірлеу, онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардыӊ бірыӊғай тіркелімдерін құру мәселелерін нақтылады. Сонымен қатар, арнайы құрылған білімді дамыту, хаттамаларды әзірлеу, арнайы зерттеу жұмыс топтарыныӊ басты бағдары мен Еуразиялық аймақтағы балалар онкологиялық қызметін дамытудыӊ басты басымдықтары анықталды.

Шара барысында ТМД елдері ішінде Қазақстанда алғаш рет әр елден келген мейірбикелер үшін қатерлі дертке шалдыққан науқастарға жалпы және мамандандырылған палиативтік көмек көрсету ерекшеліктері бойынша оқыту дәрісі өткізілді. Бұл дәріс алдағы уақытта да он-лайн режимінде жалғасын таппақ. Алынған білім өз кезегінде мейірбикелерге науқастардағы аурулардыӊ ерекшелігін ескере отырып, терапиялық, алдын-алу, диагностикалау және оӊалту шараларын жүзеге асыруда көмектесері сөзсіз.

Кездесу аясында шара қатысушылары 9 қазан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен қатерлі дертке шалдыққан балаларды оӊалту орталығы "Алатау" республикалық клиникалық шипажайында болып, екі мекеменіӊ тыныс-тіршілігі мен қызметімен танысты. Шараныӊ екінші күні түске дейін Американыӊ Сент Джуд балалар онкологиялық госпитальініӊ вице-президенті Карлос Родригез-Галиндо Педиатрия орталығыныӊ онколог/гематолог мамандары үшін арнайы дәріс оқыды.

"Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы"

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны