16.04.2007, 14:35 2710

Алматыда 16 қабаттан жоғары ғимараттар құрылысына тыйым салынды

Алматыда 16 қабаттан жоғары ғимараттар құрылысына тыйым салынды

АЛМАТЫ. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда 16 қабаттан жоғары ғимараттар құрылысына тыйым салынды, делінген қалалық әкімшіліктің ресми сайтындағы хабарламада.

"Алматыда салынатын тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың биіктік шектеуі 54 метрден, немесе 16 қабаттан артық болмауы қажет",- деп айтылған хабарламада.

Аталмыш норма Алматыны дамытуды жүзеге асырудың бас жоспарына қатысатын құрылыс салушылардың барлығына міндетті болып табылатын "Негізгі қала салу регламенттері мен функционалдық аймақтар салуға қатысты жоспарлы шектеулер" атты арнайы құжатта көрсетілген.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Яков Заяцтың айтуынша, регламентте жоспарланған құрылымға, яғни тұрғын үй ауданына, ықшамауданға, тұрғын үй тобына, тұрғын үй құрылысының учаскесіне байланысты қаланың әрбір аймағына арналған құрылыс тығыздығының параметрлері нақты белгіленгендігін атап өтті. Атап айтқанда, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, құрылыс тығыздылығы 1 гектарға шаққанда 197 адамнан, мысалы жеке тұрған ғимарат үшін 750-800 адамға дейін белгіленген.

Сонымен қатар, Я. Заяц аталмыш регламентті бекіткенге дейін құрылыс салу жобасын әзірлеу барысында жекелеген учаскелерде бұдан көп қабатты ғимараттар салуға сәулет -жоспар тапсырмасы берілгендігін, бұл жобалардың жуырда жүзеге асатынын жеткізді. Бұл ғимараттар Жолдасбеков - Достық, Сәтпаев - Желтоқсан; Сәтпаев - Фурманов; Ил-Фараби даңғылының солтүстігі ("Мега орталығы" мен "Тенгизстрой") көшелерінің қиылысында. "Бірақ, бұдан былай регламентте көрсетілген нормада артық қабаты бар ғимараттарды салуға жол берілмейді",- деп атап көрсетті әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны