02.09.2016, 15:18 5074

Алматыда 18 қыркүйекте Қала күніне арналған "Алматыныӊ 25 шыӊы" атты гала- концерт өтеді

Қала күні мерекесінде "Алматы Арена" Мұз сарайында ЮНЕСКО-ныӊ, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерініӊ қатысуымен "Алматыныӊ 25 шыӊы" атты мәдени шара өтеді. Мереке соӊы " Apple Fire " отшашуына ұласады.

Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мерекелік шаралар - музыкалық фестивальдерді, көрмелерді, спорттық жарыстарды тамашалайтын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Мысалы, қалада 2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаӊында сағат 19.00 -де жыл сайынғы ашық аспан астындағы "Оркестрлер шеруі" VII фестивалі ашылады. Фестивалдіӊ алғашқы күні Арман Жүдебаевтіӊ басқаруымен және "Сазген сазы" фольклорлық - этнографилық ансамбльдіӊ қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Екінші күні қала тұрығндары мен қонақтары үшін 80 жылдардыӊ хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтыӊ басшылығымен үрлемелі оркестердіӊ орындауда жүзеге асады. Соӊғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды.

3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаӊында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III " KitapFest " алматылық кітап фестивалі өтеді. Келушілерді түрлі сюрприздер күтеді.

4 - 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық "Балалар Бейбітшілікті суретке салады. Азия" атты фестиваль өтеді, оған Орта Азия мен Азия - Тынық мұхит өӊірінен 7 мыӊнан астам жас суретші қатысады.

Қала күні 18 қыркүйек, жексенбі күні мерекеленеді. Сағат 11.00 ден 18.00 дейін жыл сайынғы "АЛМА fest -2016" фестивалі, түрі ойын- сауықтартар ұйымдастырылады.

"АЛМА ОТБАСЫ" - балалар аттракционы,түрлі ойындар, отбасылық старттар, көӊілді аниматорлар мұнда келгендердіӊ бәрініӊ көӊілін табатын болады."АЛМА АРТ" - ашық аспан астындағы галерея. Суретшілер өз шеберліктерін ұсынады. Арнайы конкурста живописьтен бәсеке өтеді. . "АЛМА-ЭТНО" - театрландырылған қойылымда халқымыздыӊ ұлттық дәстүрлері мен салттары көрсетіледі. Қонақтар ұлттық дәмнен ауыз тиеді. "АЛМА-ЖАСТАР" - формальді емес жастар мен түрлі субмәдени ағымдағы жастарға арналған. Көше биі бойынша арнайы конкурс өтеді. "АЛМА-КАРАОКЕ", мұнда Алматы туралы ескі әндер айтылып, ән байқауы өтеді."АЛМА-ИУЕН" аумағында қазақстандық өнер жұлдыздарыныӊ концерті болады. "АЛМА-БАЗАР" атты негізгі алаӊда Алматы облысыныӊ 20 шаруашылығынан жеткізілген 20 түрлі 100 тонна алма келушілерге ұсынылады.

Қала күні мерекесінде "Алматы Арена" Мұз сарайында ЮНЕСКО-ныӊ, бауырлас қалалар мене өзге де делегациялар өкілдерініӊ қатысуымен "Алматыныӊ 25 шыӊы" атты мәдени шара өтеді. Мереке соӊы " Apple Fire " отшашуына ұласады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны