10.04.2015, 22:09 4566

Алматыда 18 сәуір күні екі метро бекеті ашылады

Алматы метросыныӊ "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері 18 сәуір күні ашылады. Бұл туралы бүгін қоғамдық көлікті басқару және реттеу туралы халықаралық конференция барысында қала әкімініӊ орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы метросыныӊ "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері 18 сәуір күні ашылады. Бұл туралы бүгін қоғамдық көлікті басқару және реттеу туралы халықаралық конференция барысында қала әкімініӊ орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сайран" станциясы Абай даӊғылыныӊ Брусиловский және Тілендиев көшелерімен қиылысында орналасады. Ал "Мәскеу" Абай даӊғылыныӊ Тілендиев және Алтынсарин көшелерімен қиылысатын аралықты қамтиды. Бұл қос бекет 18 сәуір күні ашылады. Олар қаланыӊ шет аудандарына шығатындықтан, жолаушылар легі артады деп күтілуде", - деді Ильин, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны