15.08.2017, 16:22 4329

Алматыда 19-20 тамызда халықаралық "Star of Asia" музыка фестивалі өтеді

Фестиваль көрермендері үшін арнайы автобустар қатынайды.Көрермендердіӊ жиналатын орындары:Абай даӊғылы, 48/1 Орталық стадион және Достық даӊғылы,Құрманғазы көшесініӊ бұрышы. Жолаушылар көлігі фестиваль өтетін жерге сағат 16:00 ден 18:30-ға дейін қатынайды.

Алматы. 15 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда 19-20 тамызда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында халықаралық "Star of Asia" музыка фестивалі өтеді. Бұл ашық ауадағы еӊ ірі музыкалық сахна әрі мұнда отандық және шетелдік жұлдыздар ән айтады, сонымен қатар әлемдегі еӊ биік мұз айдыны "Медеудегі" бір алаӊда жүздеген көӊіл көтеру шаралары ұйымдастырылады.

Фестиваль көрермендері үшін арнайы автобустар қатынайды.Көрермендердіӊ жиналатын орындары:Абай даӊғылы, 48/1 Орталық стадион және Достық даӊғылы,Құрманғазы көшесініӊ бұрышы. Жолаушылар көлігі фестиваль өтетін жерге сағат 16:00 ден 18:30-ға дейін қатынайды. "Медеуден" кері қайтатын рейстер 22:00 ден 23:30 сағатқа дейін жүреді. Жолақысы- 150 теӊге.

Ұйымдастырушылар қоғамдық жолушылар көлігін міндетті түрде пайдалануды сұрайды.Фестиваль өтетін күндері жеке көліктер үшін тұрақтар саны артады.

Биік тау шатқалындағы ауа райы қаладағыдан едәур төмен, сондықтан ұйымдастырушылар фестиваль күндері жауын жауып, жел тұруы мүмкін екенін ескертеді әрі мәдени шара қонақтарына арнап жауынға киетін плащтар әзірлеп қойды.

Естеріӊізге салсақ, фестиваль билеттері Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттары мен Республика Сарайыныӊ, Мега Орталықтыӊ және "Меломан" желісініӊ кассаларында сатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны