31.05.2018, 12:42 11275

Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарыныӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Тарихтыӊ шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш - қаламыздыӊ киелі нысандар тізіміне енді. Бұл - Елбасы атап өткендей, "ашаршылықта құрбан болған миллиондардыӊ рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларыныӊ қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым.
Алматыда бүгін 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, оған қоғам қайраткерлері, нәубет және ашаршылық құрбандарының ұрпақ-жұрағаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар қатысты.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала орталығында ашаршылық құрбандарына арналып, аштықтан әлсіреген баласын көкірегіне басқан ананың бейнесіндегі қазақ халқының күйзелісін бейнелейтін ескерткіш тұрғызылғанын атап өтті.

"Тарихтың шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш - қаламыздың киелі нысандар тізіміне енді. Бұл - Елбасы атап өткендей, "ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым. Сол себепті өскелең ұрпақ жастарымыз ата-бабалырымыздың қандай зар заман, сұрапыл сындардан өткенін біліп өсу арқылы еліміздегі бейбітшілік, келісім мен бірлікті сақтауға күш салулары қажет", - деді Бауыржан Байбек.

Ол сонау бір зобалаңға толы жылдарда қазақ халқы қиындықтарға тек бір өзі ғана төтеп беріп қоймай, айналасына қазақ жеріне айдалып келген басқа да ұлт-ұлыстардың өкілдерін де біріктіріп, пана болғанын атап көрсетті.

"Ал бүгін, біз ең құнды байлығымыз Тәуелсіздігімізді алып, сөнуге айналған шырағымызды қайта жақтық. Бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыстар ұйысқан Қазақстан - бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналды. Кешегі арыстарымыздың асыл арманы орындалып, ел тұтқасын ұстаған Елбасы мен еңселі елордасы бар әлем таныған қуатты ел болдық", - деп атап өтті Алматы әкімі.


Еске сала кетейік, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш "Қарағайлы" скверінде орнатылған. Аштықтан әлсіреген баласын көкірегіне басқан ананың бейнесіндегі үш метрлік мүсін гранит пен қоладан тұрғызылған. Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1918 және 1933 жылдар аралығында үш миллионнан астам адам мерт болған, оның ішінде 1931 және 1933 жылдар аралығында 1 млн. 700 мыңдай адам қаза тапқан. Ал 100 мың қазақстандық 1937-1938 жылдардағы нәубет құрбаны болды.

Өткен жылы қаладағы көптеген көшелердің атаулары өзгертіліп, олар енді ұлттың мақтанышына айналған батырлардың, ақындар мен жазушылардың атымен аталатын болды. Олардың арасында Смағұл Сәдуақасұлы, Телжан Шонанұлы, Жанша Досмұхамедов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Имина Өмірзақова, Мақаш Тәтімов, Герольд Бельгер бар.


Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны