Система Orphus

Алматыда 1 мамырға дейін газеттер мен гүл сататын дүңгіршектерден басқаларының бәрі алып тасталады-басылым

21.04.2008, 17:13 2598

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 1 мамырға дейін газеттер мен гүл сататын дүңгіршектерден басқаларының бәрі алып тасталады, деп хабарлайды агенттік "Вечерняя Алматы" басылымына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай қалада барлық дүңгіршектер алынып тасталуы керек. Олардың тек басылым мен гүл сататындары қалдырылады. Болашақта дүңгіршектердің орнына еуропалық талаптарға сай келетін нысандар тұрғызылады, деп хабарлайды басылым.

Мұндай шешім, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Сманқұловтың айтуынша, санитарлық тазалық және көгалдандыру жөніндегі қалалық штабының отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, Алматыны одан әрі гүлдендіру мақсатында 16 мың күл қоқыс салатын жәшік сатып алынды." Алматы аудандары бойынша оларды бөлуден бұрын, оларды базарларда, аялдамаларда, вокзалдарда, қоғамдық жерлерде қою туралы шешім қабылданды. Аудандық билік өкілдері барлық кәсіпорындарды, қызмет көрсету орындары мен дүкен иелеріне нысан есіктері қасында қоқыс салатын жәшіктерді қоюды міндеттеуі қажет", -деп хабарлады басылым.

Басылымның ақпараты бойынша, Асқар Сманқұлов сондай-ақ, екі аптаның ішінде жол қиылыстарында көлік қозғалыстарына бөгет болып тұрған жарнамалар тізімін дайындап беруді тапсырды. "Алматыжарнама" сол уақыт мерзімі арасында өз есебінен қойылуға келмейтін жерлерден жарнамаларды алып тастап, жер учаскелерін тазартуы керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны