22.04.2010, 11:20 1898

Алматыда 1 млн астам адам тіркеусіз тұрып жатыр - көші-қон қызметінің мәліметтері

Алматыда 1 млн астам адам тіркеусіз тұрып жатыр - көші-қон қызметінің мәліметтері

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 1 млн астам адам тіркеусіз тұрып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда азаматтарды тіркеудің жаңа ережесі миграциялық процесстерді реттеуге бағытталған.

"Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде қалалық мәслихат Алматы қаласында азаматтарды тіркеудің жаңа ережесі туралы шешім қабылдаған болатын. Тұрғын үй жағдайына және санитарлық нормаға орай әр адамға тиесілі көлем- 15 шаршы метр. Үй иелері 15 шаршы метр көлемі артық болса, шаңырағына және бір адамды тіркей алады",- делінген хабарламада.

Дегенмен, алматылықтар өзінің жеке шаңырағына жақын туыстарын ( заң актісінде оның тізімі көрсетілген), сонымен қатар өз бетімен өмір сүре алмайтын, емделетін, ұзақ іссапарда жүрген, бас бостандығынан айрылған туыстарын үй көлеміне қарамастан тіркеуге де құқылы.

Үкіметтің 2000 жылғы қаулысына сәйкес Алматыға 3 айдан көп уақытқа келгендер әділет органдарында тіркеуден өтіп, тіркеу картасын алулары қажет. Уақытша тіркеудің мерзімі бір жылға дейін.

Алматы қаласы Иділет департаментінің бастығы Бағбан Тайымбетов бұл шара Алматыда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін қорғауға, қаланың криминогенді жағдайына едәуір әсер ететін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, ішкі және сыртқы миграцияны реттеуге бағытталғандығын айтты. Ол мысал ретінде жеке үйі бар бір азаматтың үйіне 150 адамнан астам жанды тіркегенін, осылайша пайда тапқандығын айтты. Азаматтарды тіркеу әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін де қажет.

"Мемлекет өз азаматтарын қажетті құндылықтармен қамтамасыз етуге міндетті, тіркеу барысында адамның әлеуметтік құқына қатысты мәселелер пайда болып жатады. Осыған орай, қалада тіркеудің жаңа ержесі өте қажет болды, бұл іс тәртіпті реттеуге, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға ойдағыдай ықпал жасайтын болады", - деп атап өтті Иділет департаментінің бастығы.

Мәслихат депутаты Андрей Моргунов өз сөзінде статистика бойынша бүгінде Алматыда ресми түрде 1 млн 500 мың адам тіркелгенін айтты. Миграциялық қызмет деректері қалада 1 млн астам адамның тұрып жатқандығын айтады. Қаламызға еліміздің өзге өңірлерінен, жақын шетелден келушілер өте көп, олар жабайы саудамен айналысып, антисанитарлық жағдайдың қалыптасуына әкеліп соқтыруда.

"Біз азаматтардың бостандығына шектеу қоймаймыз. Бізге өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелері шешілмегендер көп келеді. Соның салдарынан олар жабайы саудамен, адам тасымалдаумен айналысады, Алматыдағы көліктің 30 % - сырттан келетіндер. Ең сорақысы, сырттан және жақын шетелден келгендер қаланың криминогендік жағдайына кері ықпал жасап отыр" - деп атап өтті А.Моргунов.

Миграциялық полицияның деректерін, орын алған жағдайларды сараптай келіп, Алматы қаласының ерекше мәртебесіне қатысты заңның 3-бабының 8-тармағына орай миграциялық процесстерді реттеу мақсатында қалалық мәслихат комиссиясы арнайы шешім қабылдап, қалада тіркеудің жаңа ережелерін ұсынып отыр. Қазіргі кезде заң жобасы Иділет департаментіне тіркеуге жіберілді, онда құжат арнайы сараптамадан өтеді. Содан кейін баспасөзде жарияланып, өз күшіне енетін болады. Егер мұндағы ережелерін бұзылса, онда кінәлі адам әкімшілік Кодекстің 377-бабы бойынша жауапқа тартылады және 1 айлық көлемінде айыппұл төлейді немесе ескерту алады. Ережені бұзған лауазымды адам 20 айлық көлемінде айыппұл төлейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны