13.02.2007, 17:56 3281

Алматыда 2007 жылдың наурызынан бастап зейнеткерлерге әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру мақсатындағы жоба іске қосылады

АЛМАТЫ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін баспасөз мәслихаты барысында зейнеткерлерге әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру мақсатындағы жобаның тұсаукесері болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алмыты "Қалалық әйелдер бастамасының орталығы" қоғамдық бірлестігі ("ҚИБО" ҚБ) кеңесінің төрайымы Татьяна Головачтың айтуынша, аталмыш жобаның мақсаты - қарт адамдардың өз құқықтарын қорғаудағы белсенділігін арттыру үшін ақпараттардан хабардарлық деңгейі мен білімін көтеру, өзіндік санасын дамыту болып табылады.

Ол жобаны жүзеге асыру аясында Алматыда наурыздың басынан бастап жыл бойы зейнеткерлерге әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру мақсатында оларға арналған "шұғыл телефон желісі" жұмыс істейтін болады деп хабарлады. Сондай-ақ, әлеуметтік және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі қарт адамдарға арналған оқу семинарлар өткізу қарастырылған.

"Республикамызда орталық құрылмаған, бұл мәселелермен ешкім айналыспайды. Бұл жоба - Қазақстандағы қарттардың мәселелерін өркениетті жолмен шешу жолындағы бірінші қадам",- деді Т. Головач.

Жобаны Қазақстандағы Еуропалық комиссиясының өкілдігі мен Алматы әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің қолдауымен осы жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бағдарламаға 28,9 мың евро қаржы бөлінеді, оның 10 пайызы - ҚИБО ҚБ қаржысы.

Алматы әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директорының орынбасары Анастасия Курасованың айтуынша, "қазіргі уақытта қалада еліміз бойынша қарт адамдардың ең көп бөлігі тұрады".. "Алматы "қартая бастаған" қалаға жатады, себебі зейнет жасындағы тұрғындардың саны 11 пайыздан асады, ал бұл 157 мың зейнеткер. Бұл көрсеткіш жыл санап өсуде, жыл сайын 25 мың алматылық зейнет демалысына шығады",- деді ол.

Қалалық әйелдер бастамасы орталығы "шұғыл телефон желісі" жұмысының қорытындысы бойынша қарт адамдар үшін әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі анықтамалық шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бастамашылар жоспарында зейнеткерлермен жұмыс істеу жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың желісін құру да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны