22.05.2008, 09:57 2174

Алматыда 2010 жылға қарай заманауи тазалау қондырғылары салынады

Алматыда 2010 жылға қарай заманауи тазалау қондырғылары салынады

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 2010 жылға қарай заманауи тазалау қондырғылары салынады. Бұл туралы экологиялық тыңдаулар барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов хабарлады.

А. Есімовтың ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта оңтүстік астанадағы су пайдалану жылына 290 млн текше метрді құрап отыр және бұл сан жыл сайын өсе түсуде. Проблеманы ағын суды мебраналық тазалау жүйесі бар жаңа су тазалау ғимаратының құрылысы шешуі тиіс.

Сонымен қатар, ағын сулардың деңгейін тұрақтандыру мақсатымен "Сорбұлақ" жинағышында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соған қарамастан, бұл су жетіспеушілігін жоймайды. Сондықтан, Алматы қаласының әкімдігі халық жағынан болсын, өнеркәсіпшілер жағынан болсын, су шығынын үнемдеуге ниет білдіріп отыр.

"Біз әртүрлі тарифтің енгізілуіне қол жеткізгіміз келеді. Жан басына есептегенде 1 тәулікте 150 литр су пайдаланатын халық үшін су бағасы өзгермейді. Үлкен бассейндері мен сауналары бар адамдар ауқаттылар, міне, оларға тариф көтеріледі. Бизнес субъектілеріне де баға көтерілуі тиіс. Осылайша, суды мөлшерінен көп пайдаланатын кәсіпкерлер мен халықта суды үнемдеуге ынта пайда болады", - деп атап көрсетті А. Есімов.

Икім сондай-ақ, қала өзендерінің ластануы мен жағалаулардың құрылыс алаңына айналып жатқанын атап өтті. Былтыр Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматының тау бөктерлерінен, әсіресе, өзен-сулардың маңайынан жер берудің заңдылығын тексеруді бұйырған.

"Президент тапсырмасын орындау кезінде бірінші кезекте осы аса маңызды мәселе бойынша заңда кеткен олқылықтарды жою қажет. Парламент тиісті заң актісін қабылдауды жылдамдатуы үшін біз үкіметке өтініш жолдаймыз. Бұл құрылыс жағдайын толығымен реттеу үшін керек", - деп хабарлады А. Есімов.

Икім сондай-ақ, "Алматының өзендері мен су қоймалары" өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл қалалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны