11.11.2018, 22:31 4579

Алматыда 2018 жылдыӊ 11-13 қарашасы аралығында қар жаууы мүмкін деген болжамға байланысты ескерту жарияланды

Автоәуесқойлардыӊ қоғамдық көлікті пайдаланғандары жөн, өйткені ауа райыныӊ қолайсыздығына қатысты апатты жағдайлардыӊ болуы мүмкін. Жеке көліктерімен жүретіндер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, қауіпсіздікті сақтағандары абзал.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда 11-13 қараша күндері қар жаууы мүмкін деген болжамға орай және ауа температурасыныӊ төмендеу мүмкіндігіне байланысты Алматы қаласыныӊ Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автоәуесқойларды көліктерін әсіресе түнге қарай жол жиектеріне қалдырмауды, қар тазалағыш жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қар тазалауға кедергі келтіретін автокөлік эвакуатормен басқа жерге ауыстырылады.

Автоәуесқойлардыӊ қоғамдық көлікті пайдаланғандары жөн, өйткені ауа райыныӊ қолайсыздығына қатысты апатты жағдайлардыӊ болуы мүмкін.

Жеке көліктерімен жүретіндер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, қауіпсіздікті сақтағандары абзал.

ЖКА алдын алу үшін автоәуесқойлар көліктеріне қысқы дөӊгелектерді салулары тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны