19.01.2018, 18:32 6171

Алматыда № 201 автобус бағыты "Халық аренасына" дейін ұзартылды

Ірі автобустармен қызмет көрсететін № 201 бағыттыӊ негізгі қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ірі автобустармен қызмет көрсететін № 201 бағыттыӊ негізгі қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Kazakhstan Today. Бастапқыда автобустар Төле би көшесініӊ бойымен Яссауи көшесінен Шығыс айналма жолына дейін жүрді. Осылайша, ағымдағы жылдыӊ 20 қаӊтарынан бастап азаматтардыӊ көптеген өтініштері негізінде "Халық аренасы" мұз айдыны мен Талғар трассасында орналасқан "Магнум" сауда орталығына дейін жол ашылды.

Естеріӊізге сала кетейік, № 201 бағыт Алматыда өткен жылдыӊ желтоқсан айыныӊ соӊында іске қосылған. Оған қызмет көрсету үшін 18 метрлік созылмалы автобустар пайдаланылады. Бұл Еуро-5 экологиялық санатты едені төмен автобустар, олардыӊ сыйымдылығы 180 адамнан асады. Бағытқа 19 жылжымалы құрам ұсынылады, автобустар арасындағы ұзақтық сегіз минут болады.

Бұдан бұрын қалада жүзеге асырылған көлік реформасы аясында №12, 22, 70, 86, 103, 50, 126, 112 бағыттарына жаӊа автобустар енгізілді, № 77 бағыт қайта жаӊартылып, №1 бағыт іске қосылды. Көршілес облыстан қалаға қосылған ауылдарға толыққанды көлік қызметтерін көрсету үшін 10 бағыт іске қосылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны