12.09.2018, 23:09 4453

Алматыда 20-23 қыркүйек аралығында III Baikonyr Short Film Festival өтеді

Фестивальге қатысуға бағытталған өтініштерді қабылдау 2018 жылдыӊ 31 тамызында аяқталған болатын. Өтініштер тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Грузия, АҚШ, Латын Америкасы, Ресей және Ливан елдерінен келді.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда III Baikonyr Short Film Festival-ге арналған баспасөз конференциясы өтті. Республикалық көлемдегі кинокөрсетілім 20-23 қыркүйек аралығында Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында болады.

Baikonyr Short Film Festival-діӊ бас демеушісі - Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры, жобаныӊ бас серіктестері - Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinemas.

Журналистердіӊ алда өткізілетін байқауға қатысты қойылған сауалдарына фестиваль директоры Инуар Кенжибаев, Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры жобаларыныӊ аға координаторы Тимур Исмаилов, сондай-ақ іріктеу комиссиясыныӊ мүшелері Ержан Жұмабеков пен Кәрім Қадырбаев жауап берді.

Фестивальге қатысуға бағытталған өтініштерді қабылдау 2018 жылдыӊ 31 тамызында аяқталған болатын. Өтініштер тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Грузия, АҚШ, Латын Америкасы, Ресей және Ливан елдерінен келді. Дегенмен, байқау бағдарламасына келіп түскен 195 өтініштен отандастарымыз түсірген 47 фильм енді. Көрсетілімді Жаннат Алшанованыӊ 71-ші Канн кинофестивалініӊ Cinefondation байқауына қатысқан "Маусым соӊы" қысқа метрі ашады.

"Қазіргі таӊда Baikonyr Short Film Festival - бағдарламасы ойнамалы, деректі және анимациялық кино бөлімдерінен тұратын Қазақстан аумағындағы жалғыз фестиваль. Негізгі байқауға 27 ойнамалы картина, 11 анимациялық және 9 деректі таспа өтті. Бұл тізімге "Тұран" университетініӊ, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰӨУ, Нью-Йорк киноакадемиясы, Сергей Герасимов атындағы БМКИ, "Сталкер" отандық киномектебініӊ түлектері мен студенттері түсірген жұмыстар, сондай-ақ "Қазақфильм" жанындағы "Дебют" ШӨБ түсірген фильмдер енді", - деді Ержан Жұмабеков.

Байқау бағдарламасыныӊ қатысушыларын актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай, актриса Аружан Жазылбекова, продюсер, актриса Баян Алагөзова, Өзбекстан жас кинематографшылар кеӊесініӊ төрағасы, продюсер Ойбек Абдушукуров, дыбыс режиссері Денис Коноплев, режиссер, II Baikonyr Short Film Festival жеӊімпазы Баймұрат Жұманов, "Қазақфильм" жанындағы "Анимациялық кино" ШӨБ жетекшісі Адай Ибелдинов, дерекші-режиссер Катерина Суворова, қоюшы-суретші Яна Тюлькина бағалайтын болады.

Қазылар алқасыныӊ төрағасы ретінде кинотанушы әрі киносыншы, FIPRESCI пен NETPAC мүшесі, Қырғызстан кинематографшылар одағыныӊ мүшесі Гүлбар Толомушова шақырылды.

"Үшінші фестиваль тосын сыйларға толы. Біріншіден, біз қырғыз және өзбек киноларыныӊ ашық кештерін өткіземіз. Көрермендеріміз бен қатысушыларымызға сол елдердіӊ үздік қысқаметражды фильмдерін ұсынамыз. Екіншіден, кинокөрсетілім жүлдегері атануға мүмкіндік жоғары. Біз "Үздік дыбыс" атты жаӊа номинацияны енгіздік. Үшіншіден, фестиваль барысында қызықты шеберлік сағаттары өткізіледі. Сонымен қатар, ашылу күнінде елімізге белгілі киноқайраткерлер арнайы қызыл кілемшемен жүріп өтеді", - деп атап өтті Инуар Кенжибаев.

Кинокөрсетілімніӊ бас демеушісі екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры болып отыр.

"Қордыӊ басым бағыттарыныӊ бірі - дарынды, ғылыми, шығармашыл жастарды қолдау. Фестиваль өз алаӊында ондаған жас режиссерларды біріктіріп, оларға кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік береді және еӊ бастысы, жаӊа есімдерді ашуға септігін тигізіп келеді. Сондықтан, осы жобаға тағы да қолдау білдіруді ұйғардық", - деп қоса кетті Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры жобаларыныӊ аға координаторы Тимур Исмаилов.

Еске сала кетсек, Baikonyr Short Film Festival 2016 жылдан бері "Бродвей" кинопорталымен өткізіліп келеді. Биылғы жылы жеӊімпаздар 23 қыркүйек күні анықталады және олар естелік дипломдармен, жез бен алтын жалатылған эксклюзивті мүсіншелермен марапатталады.

Шара мен көрсетілімніӊ толық кестесі фестивальдіӊ baikonyr.brod.kz ресми сайтында және "Бродвей" кинопорталында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны