12.09.2018, 20:53 6652

Алматыда 20 робототехника сыныбы ашылады

Мектептегі робототехника бағдарламасы балаларға осындай құрылғылардыӊ жұмыс істеу қағидалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушылар техникалық тұрғыдан сауатты бола алады.

Алматы. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласы Білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында 20 робототехника сыныбы ашылады,деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мектептердегі робототехника - балаларды жоғары технологияларға толы заманауи өмірге дайындаудыӊ тамаша тәсілі. Мектептегі робототехника бағдарламасы балаларға осындай құрылғылардыӊ жұмыс істеу қағидалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушылар техникалық тұрғыдан сауатты бола алады.

Пәнніӊ негізін толық меӊгеру және материалды жақсы меӊгеру үшін жақсы жабдықталған робототехника сыныптары қажет. Толыққанды робототехника сыныбы оқушылар үшін инженерлік-жобалық дағдыларды игеру, өзіндік жұмыс дағдылары және басқа да бірқатар мүмкіндіктер ашады. Осыған орай, сыныптар LEGO Mindstorms базалық және ресурстық жиынтықтары, Arduino жиынтығы, VEX жиынтығы, 3-D принтер, ноутбуктар және т.б. жабдықпен жабдықталатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны