20.09.2010, 13:28 3959

Алматыда 21-22 қыркүйек күндері бірнеше орталық көшелер сусыз қалмақ

Алматыда 21-22 қыркүйек күндері бірнеше орталық көшелер сусыз қалмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Холдинг Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 20 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 21-22 қыркүйек күндері бірнеше орталық көшелер сусыз қалмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Холдинг Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Су құбырларының желісінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты Ил-Фараби - Желтоқсан - Шевченко - Байзақов - Манас - Атакент - Ходжанов көшелерінің шаршысындағы үйлер 21 және 22 қыркүйек күндері сумен қамтамасыз етілмейді",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Шевченко - Достық - Сатпаев - Фурманов; Тимирязев - Желтоқсан; Жамбыл - Төле би - Фурманов - Абылайхан көшелерінің шаршысындағы; 21 қыркүйек күні Кұрманғазы - Бөгенбай батыр - Чайковский - Масанчи көшелерінің шаршысындағы; 22 қыркүйек күні - Қарасай батыр - Бөгенбай батыр - Наурызбай батыр - Масанчи көшелерінің шарсындағы үйлерге берілетін су қысымы төмендейді, деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны