04.04.2013, 13:10 4050

Алматыда 30 базар мемлекет меншігіндегі жер учаскесін заңсыз пайдаланып отыр

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыдағы 74 базардың 30-ы мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде орналасқан, сондықтан олардың жеке мақсатта қолданылуына болмайды.

Алматы. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 30 базар мемлекет меншігіндегі жер учаскесін заңсыз пайдаланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыдағы 74 базардың 30-ы мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде орналасқан, сондықтан олардың жеке мақсатта қолданылуына болмайды.

Бүгін Алматы әкімдігінде қалалық базарларды жаңғырту және заңсыз пайдаланылып отырған жерлерді қайтару мәселесіне арналған жиын өтті.

"74 базардың 30-ы мемлекеттің менщігіндегі жер учаскелерінде орналасқан, жер істері бойынша мәселелер шешіледі және бірқатар істер қазір соттың қарауында жатыр", - деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Сайран Фазылов.

Шенеуніктердің айтуынша, Солтүстік айналма жолындағы автокөлік кетелісі ді тез арада шешуді қажет ететін мәселелердің бірі. Аталған жол "барахолка" арқылы өтетіндіктен оған сауда-көлік дәлізі деген атау беріліп үлгерген. Қазіргі уақытта іргелес жатқан жерлердің учаскелерін қайта құру жобасы аяқталуда.

Солтүстік айналма жолын реттеу Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарындағы жол кептелісі мәселесін шешеді.

"Егер Солтүстік айналма жолды көліктерден босатар болсақ, онда қаланың батыс бөлігі Алматы - 1 теміржол бекетіне, әуежайға және Қапшағай тас жолына еркін қатынай алады", - деді С.Фазылов.

Икім Ахметжан Есімов заңсыз пайдаланудағы жер учаскелерін қайтару жұмыстарын заңға сәйкес жүргізуді тапсырды.

"Бұл жай базар, жай "барахолка" емес, базарлар қаланың архитектуралық келбетіне сай келуі тиіс. Бірақ жұмысты заңға сәйкес жүргізу керек. Егер жер мемлекетке тиесілі болса, онда ол жер учаскесін жеке мақсатта пайдалануға болмайды", - деді А.Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны