27.05.2013, 12:08 3941

Алматыда 3,5 млн теңге салығын төлемеген кәсіпкер 5 тәулікке қамауға алынды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2013 жылдың басында Алматы қалалық әкімшілік сотының шешімімен 3,5 млн теңге салығын төлемеген кәсіпкер 5 тәулікке қамауға алынып, көрсетілген сома тәркіленген.

Алматы. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 3,5 млн теңге салығын төлемеген кәсіпкер 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық салық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2013 жылдың басында Алматы қалалық әкімшілік сотының шешімімен 3,5 млн теңге салығын төлемеген кәсіпкер 5 тәулікке қамауға алынып, көрсетілген сома тәркіленген.

Салықты төлемегені үшін кәсіпорынның кассасына шектеу қойылғанымен директор бюджет төлемдерін төлеместен қолма қол ақшамен есеп айырысып келген. Мұндай заң бұзушылықтар тексеріс барысында анықталып, сотқа жолданып, нәтижесінде осындай шара қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны