09.01.2014, 21:10 26028

Алматыда 3 баланы жалғыз асырап отырған жігіт ағасын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен қымбат көліктің жүргізушісі іздестірілуде

Алматыда 3 баланы жалғыз асырап отырған жігіт ағасын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен қымбат көліктің жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Алматыда 3 баланы жалғыз асырап отырған жігіт ағасын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен қымбат көліктің жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Алматыда 3 баланы әкесінен айырған жүгенсіз жүргізуші іздестірілуде. Жаңа жыл алдында қымбат көлікті тізгіндеген жас жігіт 50 жастағы азаматты қағып, өзі оқиға орнынан ізін суытыпты. Ал бас сүйегі мен аяқ-қолы бірнеше жерден сынған Иділғазы Нұрқасымов ауруханада тілге келместен мерт болған",- деп хабарлайды телеарна.

КТК ақпаратына сәйкес, "балаларын жалғыз асырап отырған жігіт ағасы туғанынан жарымжан қызы үшін дәрі-дәрмек алуға көшеге шыққан екен. Содан қайтып оралмаған. Кешіккен әкесін жақын маңнан іздеген жеткіншектер оны таба алмай, тәртіп сақшыларынан қаралы хабарды естіпті. Кейін Иділғазы Нұрқасымовты "Range Rover" көлігімен 23 жастағы жігіт қағып кеткені белгілі болды. Жүгенсіз жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өткенімен қатар, оқиға орнынан қашып кеткен. "В 707 АВ" нөмірлі шетелдік қымбат темір тұлпар сол тізгіндегі Александр Митрофановтың әкесінің жеке компаниясының атына тіркелген екен. Ал өзінің қайда жүргендігі осы күнге дейін белгісіз. Митрофановың бұған дейін Германия азаматтығын алғаны туралы ақпарат бар".

Боранбай Нұрқасымов, И.Нұрқасымовтың әкесі:

-Соғылған адамды жедел жәрдем алып кету керек, қаққан адамды полиция ұстап алу керек сол жерде. Бұл неге қатар жүрмейтін шаруа?! Өліп қалған баламның артында үш баласы қалды. Не соғып кеткен жігіттің әкесі келмейді, не туысқандары келмейді. Бір адамды күні бүгінге дейін көрген жоқпын. Хабарласып бәленбай жерге кел, кездесеміз дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны