10.04.2013, 16:05 3616

Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады

"2012 жылы қарашада тауарлық-материалдық құндылықтар мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының барлық базарларына тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 77 лауазымды және заңды тұлға 1 млн 512 мың 830 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Е.Илімқұлов.

Алматы. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Еркебұлан Илімқұлов мәлім етті, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"2012 жылы қарашада тауарлық-материалдық құндылықтар мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының барлық базарларына тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 77 лауазымды және заңды тұлға 1 млн 512 мың 830 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Е.Илімқұлов.

Оның айтуынша, ауданаралық экономикалық сотқа "өртқауіпті" жағдайдағы нысандар мен үйжайлардың жұмысын тоқтату бойынша 52 талап-арыз жіберілді. Қазір сот департаменттің пайдасына аталған заңбұзушылықтар толық жойылмайынша 43 базардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

"7 базарда анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Соттың қарауында талап-арыз бойынша тағы 2 материал жатыр", - деп атап өтті Е.Илімқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны