31.07.2013, 16:38 8609

Алматыда 93 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді

"Президент тапсырмасы бойынша біз ескі үйлерді бұзу жөнінде бағдарлама әзірледік. Алматыда бүгінде 1000-нан астам ескі үй бар. Біз бұл мәселені оңтайлы шешудің жолын таптық", - деді А.Есімов сөйлеген сөзінде.

Алматы. 31-шілде. Kazakhstan Today - Оңтүстік астананың әкімі Ахметжан Есімов бүгін алматылық 93 отбасыға жаңа үйлердегі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етт, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Президент тапсырмасы бойынша біз ескі үйлерді бұзу жөнінде бағдарлама әзірледік. Алматыда бүгінде 1000-нан астам ескі үй бар. Біз бұл мәселені оңтайлы шешудің жолын таптық", - деді А.Есімов сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 2015 жылға дейін есептелген ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша 55 ескі үй бұзылмақ. Бұл жалпы аумағы 21 мың ш.м. болатын 565 пәтер.

"Түркісіб ауданын бірінші кезекте өткіземіз. Осы жылы тағы екі аудандағы үйлерді тапсыруды жоспарлап отырмыз", - деді әкім.

Бағдарлама аясында жалпы аумағы 161,6 мың ш.м. болатын 2 710 пәтерлі 61 тұрғын үй салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны