16.07.2013, 12:17 3157

Алматыда 9 адамды өлтірген риэлторлар сотталды

Кеше Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты 2006-2012 жылдары 9 адамды өлтірген ҰҚП мүшелеріне үкім шығарды. Қылмыстық топтың басшысы 1949 жылы туған азамат өмір бойы абақтыға қамалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 16-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 9 адамды өлтірген риэлторлар сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты 2006-2012 жылдары 9 адамды өлтірген ҰҚП мүшелеріне үкім шығарды. Қылмыстық топтың басшысы 1949 жылы туған азамат өмір бойы абақтыға қамалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал 22 жастағы үш жақтасы 3-6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық топ жалғызбасты жандардың пәтерлерін басқа адамдардың атына рәсімдеп, кейін оларды өлтіріп кеткен. Тергеу амалдары барысында қылмыскерлердің әрқайсысы өзін куәгермін деп, бір- бірін айыптаған.

Өлтірілген 9 адамның алтауының мәйіті табылды. Қылмыскерлер оларды көмген жерлерді өздері көрсетіп берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны