05.05.2014, 20:27 3624

Алматыда 9 Мамыр күні "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылады

Алматыда 9 Мамыр күні "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылады

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылады, ол Ұлы Жеңістің 69-шы жылдығына арналып отыр.

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, қала құрылымдарының жетекшілері мен ҰОС ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысады.

Сондай-ақ, қаланың барлық аймақтарында Ұлы Жеңіс күнінде тематикалық тақырыптағы шаралар өтеді.

"Астана" алаңында 20:00-де мерекелік концерт өтеді. Шаралар 22.00-де мерекелік салютпен аяқталады, ол Тұңғыш Президент саябағы мен "Астана" алаңында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны