15.12.2009, 18:18 3372

Алматыда А (N1Н1) тұмауына қарсы тегін вакцина ұсынып жүрген алаяқтар пайда болды

Алматыда А (N1Н1) тұмауына қарсы тегін вакцина ұсынып жүрген алаяқтар пайда болды

Алматы. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда А (N1Н1) тұмауына қарсы тегін вакцина ұсынып жүрген алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Мемлекеттік - эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қалалық департаментінің хаьбарламасына сілтеме жасап.

"ҚР Мемлекеттік - эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қалалық департаменті қала тұрғындарын алаяқтық оқиғалардың орын алып отырғандығымен хабардар етеді. Алаяқтар өздерін санэпидемқызметтің қызметкері деп көрсетіп, А (N1Н1) пандемиялық тұмауына қарсы тегін вакцина ұсынады",- делінген мекеменің хабарламасында.

"Шындығына келсек, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет вакцина немесе дәрі таратумен айналыспайды. Аталған сала мамандары жұқпалы, паразитті аурулар кезінде ғана тұрғылықты мекен-жайға барады және қызметтік куәлікті көрсетеді",-деп хабарлайды мекеме.

"Алаяқтық оқиғаға кездесе қалсаңыздар міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарлаңыздар",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны