14.09.2012, 16:21 3381

Алматыда Абай даңғылының бойында көлік қоюға тыйым салынбақ

Жұмада баспасөз қызметінен таралған хабарламада атап өтілгендей, бұл мәселе қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен Алматы мәслихатының VIII-ші сессиясында талқыланған.

Алматы. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Абай даңғылының бойында көлік қоюға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда болашақта Абай даңғылына көлік қоюға тыйым салу көзделіп отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Жұмада баспасөз қызметінен таралған хабарламада атап өтілгендей, бұл мәселе қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен Алматы мәслихатының VIII-ші сессиясында талқыланған.

"Абай көшесімен тек ұзын автобустар ғана жүретін болады, мұнда басқа көліктердің тоқтауына тыйым салынатын болады. Илемнің көптеген елдерінде бұл жаңалық енгізілген, біз де енгізіп көрмекпіз", деді шара барысында А.Есімов.

Икімнің хабарлауынша, Алматыда халыққа көлік қызметін көрсетуді жақсарту үшін жаңа жүйелерді әзірлеу жұмыстары жалғасын тауып отыр.

"Бұл бүкіл жобалардың орындалуы қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға, инфрақұрылымға түсірілетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", делінген онда.

Сессия барысында Алматының ағаштары да сөз етілген.

"Қалада 39 мың ағаштың кәрі екендігі анықталған, оның 29 мыңы алынып тасталды, қалғанын 2013 жылы кесіп тастау жоспарлануда", делінген хабарламада.

2012 жылдың басынан бері қалада жаңадан 28 мың жаңа ағаш отырғызылды, 190 мың шаршы метрге гүл отырғызылды, деп хабарлады әкімшіліктен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны