19.02.2018, 18:09 5679

Алматыда "Абайдыӊ асыл мұрасы" атты республикалық сайыс өтеді

Алматыда Абай Құнанбайұлыныӊ қара сөздерін мәнерлеп оқудан "Абайдыӊ асыл мұрасы" атты республикалық сайыс өтеді.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Абай Құнанбайұлыныӊ қара сөздерін мәнерлеп оқудан "Абайдыӊ асыл мұрасы" атты республикалық сайыс өтеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында айтылған идеялардыӊ аясында, халқымыздыӊ тереӊде жатқан тарихына көз жіберіп, ұлттық жадымызды жаӊғыртуға ел болып атсалысу сіз бен біздіӊ міндетіміз.

Өткенін білмеген ел, ертеӊіне сергек қарай алмасы анық. Қазақ елініӊ қарыштап өсіп, кемелденуіне өзіндік үлес қосқан, елі мен жері үшін жан беруге дайын дара тұлғаларға қазақ даласы кем болған емес.

Солардыӊ бірі, қазақ сөз өнерініӊ биік шыӊы, бас ақынымыз Абай Құнанбайұлы. Жаһандану үдерісінде өскелеӊ ұрпақтыӊ бойына ұлттық құндылықтарымызды Абай арқылы сіӊірер болсақ, олардыӊ болашағына алаӊсыз қарауға болады. Оныӊ тереӊ мағыналы философиялық ойлары мен салмақты қара сөздері жастарымызға рухани тәрбиеніӊ қайнар көзі іспетті.

Осы сынды еліміз үшін маӊызы зор бірнеше мақсаттардыӊ негізінде "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қоры 23.02.2018 жыл күні сағ: 9:00-17:00-де Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мәжіліс залында "Абайдыӊ асыл мұрасы" атты республикамыздағы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлыныӊ қара сөздерін мәнерлеп оқудан өтетін сайыс ұйымдастырмақ.

Сайыс барысында республиканыӊ түкпір-түкпірінен келген 5-11 сынып аралығындағы 150-ге жуық оқушы Абай Құнанбайұлыныӊ қарасөздерін жатқа оқып, мағынасына үӊілмек.

Сайысқа белгілі Абайтанушы, ф.ғ.к, "Хакім Абай" ғылыми-зерттеу институтыныӊ директоры Жабал Шойынбет, Қазақ және Шалқар радиоларыныӊ Алматы студиясы жетекшісі, айтыскер ақы Бақыт Жағыпар, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, актер Болат Ибділманов қазылық ететін болады.

Құрметті қонақтардыӊ қатарында Ийгілі Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, жазушы Бейбіт Қойшыбай, Актер Бекжан Тұрыс сынды тұлғалар болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны