30.05.2016, 20:54 4681

Алматыда адам қағып денесін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеӊіл жазамен құтылды

Екі адамды қағып өлтіргені үшін 5 жылға қамалды! Алматыда BMW көлігімен екі адамныӊ денесін бөлшектеп, тағы біреуін ауыр хәлде ауруханаға түсірген Санат Жанатбековке судья осынша жаза кесті

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Екі адамды қағып өлтіргені үшін 5 жылға қамалды! Алматыда BMW көлігімен екі адамныӊ денесін бөлшектеп, тағы біреуін ауыр хәлде ауруханаға түсірген Санат Жанатбековке судья осынша жаза кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс. Яғни, сотталушы түрмеде жүріп туған-туысымен араласуға, қажет болса, үйіне барып тұруға да құқылы. Санат Жанатбеков Ішкі Істер министрлігіне қарасты мамандандырылған күзет қызметінде жұмыс істеген. Ал қайғылы оқиға өткен айда Жангелдин көшесінде болды. Полицейлер отырған көлік қарсы бағыттағы автобус жолағына шығып, "Дэу Матиз" көлігін соққан. Артынша, жол жиегінде тұрған егде жастағы ағалы-қарындасты екеуді қағып өткен. Қатты соққыдан екеуініӊ де денесі бөлшектеліп қалған болатын, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны