13.08.2013, 17:04 3203

Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы жаттығу өткізеді

Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда Спорт күніне орайластырылған қала әкімінің қатысуымен өтетін веложарыс 2013 жылдың 17 тамызына белгіленген. Ол таңертең 8.30-да Тәттімбет көшесінің қиылысындағы әл-Фараби даңғылынан бастау алып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасады. Мәре сызығында жобаның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталатын болады, деп көрсетілген хабарламада. Шара концерттік бағдарламаға ұласады.

Сондай-ақ, сағат 10-да ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов тікелей эфир арқылы таңғы жаттығуды дұрыс жасау әдісімен бөліседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны