16.02.2007, 13:42 2622

Алматыда әкімдер қоластындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін көзге түскен адамдарды жауапкершіліктен қорғауда - прокуратура

АЛМАТЫ. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі арнаулы комиссияның сейсенбі күні өткен отырысында қала прокуроры Жақсылық Байтүкбаев Алматыда әкімдер сыбайлас жемқорлық қылмыстарға байланысты көзге түскен қоластындағы адамдарды жауапкершіліктен қорғауда, деп мәлімдеді.

"Икімдердің біреуі де өз бастамаларымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарға барған бағынышты қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтеріп көрген жоқ. Керісінше, сыбайлас жемқорлық дерегі көпе-көрнеу анықталған жағдайда да оларды жауапкершіліктен жалтартып қалуға тырысады", деді прокурор. Прокурордың сөзін Алматы қалалық қадағалау органының баспасөз қызметі таратты.

Мәселен, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тек прокуратураның бірнеше мәрте талабынан кейін ғана Түріксіб ауданы әкімінің орынбасары Разақов пен еңбек министрлігінің қалалық департаментінің қызметкері Омаров "сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін" жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, бұған дейін жалға алу жөніндегі келісім-шартын жасасу тәртіптерін бұзғаны үшін тәртіптік кеңеске таныстыру жолданған Иуезов ауданы әкімінің орынбасары Сарымсақов "өзінің жазадан жалтарып кететініне кәміл сеніп жүріп" пара алу үстінде құрықталды.

"Алмалы және Жетісу аудандық әкімшіліктерінде де жағдай оңып тұрған жоқ", деді прокурор.

Ж.Байтүкбаевтың айтуынша, "Алматыда қабылданған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 2006-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарлама немқұрайды орындалуда, ал кейбір бөлімдері тіпті мүлдем орындалмай отыр".

Қалалық прокуратураның мәліметтерінше, 2006-жылы 415 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде 345 адам прокурорлық қадағалау шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тек 2007-жылдың басынан бері мемлекеттік мекемелердің 16 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2006-жылы сыбайлас жемқорлық деректері бойынша 180 қылмыстық іс қозғалды, оның 59-ы парақорлық дерегі бойынша. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 58 адам сотталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны