12.10.2009, 11:50 1940

Алматыда әкімнің қатысуымен веложарыс болып өтті

Алматыда әкімнің қатысуымен веложарыс болып өтті

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда әл - Фараби атындағы ҚҰУ-нің 75 жылдығына арналған веложарыс болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ил - Фараби атындағы ҚҰУ-нің 75 жылдығына арналған веложарыс аясында өткен шараға 500 адам қатысты. Олар - веложарысты ұнатушылар, қарапайым алматылықтар мен студенттер. Бұл веложарысқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен қалалық әкімшіліктің өкілдері де қатысты.

Веложарыс "Атакенттен" бастау алып, Тимирязев, Желтоқсан, Сәтпаев көшелері мен Достық даңғылын, одан соң әл - Фараби даңғылын басып өтті. Мәреге жеткендерге сертификаттар тапсырылды.

Веложарыс ҚҰУ-нің 75 жылдығына арналған мерекелік шара болғандықтан Алматы қаласының әкімі барлық студенттерді, оқу орнының ұжымын, профессорлық, оқытушылық құрамды олардың төл мерекесімен құттықтады.

"Ел президентінің саясаты - еліміздің саясаты. Елдігімізді арттыруға бәріміз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бүгінгі судент- ел болашағы. Мен сендерге сенемін", - деді Ахметжан Есімов.

Веложарыс үлкен мегаполис халқы үшін дәстүрлі шараның біріне айналды десек, артық айтқандық емес.

Алматының табиғи жағдайын, атмосфералық ауаны барынша таза ұстау қажеттігін ескере отырып, сонымен қатар көлік кептелісін азайту және басқа да көлік пен жолға қатысты келеңсіздіктерді болдырмау үшін велосипедті насихаттаудың берері мол болмақ.

Велосипедтің инфрақұрылымын жетілдіру Алматы қаласының 2009-2018 жылдарға арналған Алматының ауа бассейнін жетілдіру жөніндегі бағдарламаға енген. Оның үстіне көлік құрылымының жүйесін жасағанда велосипедтің инфрақұрылымын бас жоспарға енгізу де қарастырылған.

Бұл Алматыдағы төртінші веложарыс болып табылады. Алғашқы веложарыс Спорт күні 16 тамызда өткен еді. Екіншісі - Ата Заңымызға қатысты 30 тамызда, үшіншісі Қала күніне қатысты 20 кыркүйекте өткен болатын.

Ахметжан Есімов егер ауа райы жақсы болса, келесі веложарыс 8 қарашада өтетінгін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны