07.10.2016, 15:24 4514

Алматыда АҚШ пен Орталық Азия елдері музыканттарыныӊ "Бірге ойнайық" атты гала-концерті өтті

Концертті ашқан Қазақстандағы АҚШ-тыӊ бас консулы Марк Муди іс-шараны Абайдыӊ "Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй" деген нақышты сөзімен бастады. Оныӊ айтуынша, жоба АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық байланыстыӊ орнауына 25 жыл толу мерейтойына арналған.

Алматы. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда кеше Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында АҚШ елшілігі мен Алматы әкімдігі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныӊ бірігіп ұйымдастыруымен АҚШ пен Орталық Азия елдерініӊ "Бірге ойнайық" ("Playing Together") атты жобасы бойынша гала-концерт өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Концертті ашқан Қазақстандағы АҚШ-тыӊ бас консулы Марк Муди іс-шараны Абайдыӊ "Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй" деген нақышты сөзімен бастады. Оныӊ айтуынша, жоба АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық байланыстыӊ орнауына 25 жыл толу мерейтойына арналған.

АҚШ елшілігініӊ мәдениет жөніндегі атташесініӊ орынбасары Мэтью Вилсонныӊ айтуынша, бұл жоба Алматы, Астана және Орталық Азияныӊ бес мемлекетініӊ астаналарында, Ашхабад, Бішкек, Душанбе және Ташкентте өтеді. Оған қатысушы АҚШ пен Орталық Азия елдерініӊ 27 музыканты концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Өзбекстан атынан қатысушы, жоба жетекшілерініӊ бірі Сухроб Назимовтыӊ айтуынша, "Бірге ойнайық" жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, биыл Алматыдағы концертке алғаш рет Түрікменстан өкілдері қатысты.

Жобаныӊ мәні, оған қатысушы дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттар қысқа уақыттыӊ ішінде өз ұсыныстарын енгізе отырып, бірлесе музыкалық туынды ойлап табуға негізделген.

Нью Йорктен келген скрипкашы Сара Олден, саксофоншы Дэвид Кроун мен контрабасшы Роберт Блэк бұрын бір-бірін мүлдем танып білмеген 27 адамныӊ бес күн ішінде тамаша композиция ойлап тапқанын, бұл процестен үлкен шабыт алғандарын жеткізді.

Музыканттардыӊ бірігіп жасаған композициясы американдық және орталық азиялық дәстүрлі және жаӊа заман музыкалық практикаларыныӊ бай әрі жан-жақты тәжірибесін ұштастыра паш етті.

Концерт музыка мен мәдениетаралық алмасулардыӊ өӊірде тұрақтылық пен дамуға тұғырнама қалап, адамдарды біріктіре алатынына айқын мысал бола алды.

Концертте қылқобыз, домбыра, танбур, рубаб, халықтық флейталар, гиджак, түрікмен дутары, скрипка, контрабас, клавишалар, саксофон, гобой, перкуссия секілді музыкалық аспаптар үн қосып, ғажап композиция түзді. Музыканттар бұл туындыны бір сағаттан астам уақыт бойы үзіліссіз ойнады.

Осыншама сан алуан аспаптар "бас-басына шулаған өӊкей қиқым іспетті" қиқу тудырмай", үндестік тапты. Концертке келген қауым музыканттарды сахнадан жібермей ұзақ уақыт бойы шапалақ қақты.Өзара мүлдем алшақ музыкалық аспаптар үн қоса алғанда, адамдар неге тіл табыспайды деген ой туындады шара соӊында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны