27.07.2017, 19:48 4025

Алматыда "әл Фейсал: куәгер және шейіт" атты көрме ашылды

Алматыда 2017 жылдыӊ 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Сауд Арабиясыныӊ аса мәртебелі королі Фейсал ибн Абдулл Изиз әл Саудтыӊ жеке коллекциясы негізінде "әл Фейсал: куәгер және шейіт" атты көрме ашылды.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 2017 жылдыӊ 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Сауд Арабиясыныӊ аса мәртебелі королі Фейсал ибн Абдулл Изиз әл Саудтыӊ жеке коллекциясы негізінде "әл Фейсал: куәгер және шейіт" атты көрме ашылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі түрлі елдердіӊ кешегі әрі бүгінгі тыныс-тіршілігімен қала жұртшылығы және қонақтарын таныстыру мақсатында іс-шаралар мен көрмелерді ұдайы өткізіп келеді.

Абсолютті монархиялық басқару жүйесін ұстанатын Сауд Арабиясы тарихыныӊ жарқын тұстарынан сыр шертетін көрмеде Сауд Арабиясыныӊ үшінші королі Фейсал ибн Абдул-Изиз әл Саудтыӊ (1906-1975 жж.) тұтынған жеке заттары мен оған қатысты мұрағаттық құжаттар қойылады.

1964-1975 жж. билік құрған Фейсал ибн Абдул-Изиз әл Сауд "Саудиттер" әулетінен шыққан. "Саудиттер" әулеті шамамен 1446 жылдан бастау алады. Қазіргі таӊда елдегі абсолютті билікке ие жалғыз отбасы, ал Сауд Арабиясы әулет атымен аталатын әлемдегі үш елдіӊ бірі (басқалары - Лихтенштейн және Иордания).

Король Фейсалдыӊ билігі жүрген дәуірдіӊ мұрасы ұланғайыр: жаһандануға бағытталған ауқымды реформаларды жүргізудіӊ нәтижесінде Сауд Арабиясыныӊ қоғамы түбегейлі өзгерді. Елде жоспарлау жүйесі бекітілді, сол кезде қабылданған салмақты заӊдарға Сауд үкіметі бүгінде де жаӊа заӊ жобаларын дайындауда иек артады. Фейсал ибн Абдул-Изиз әл Сауд өз елінде бірқатар ауқымды саяси және экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып, елдіӊ әлеуетін арттыруда үлкен іс тындырған кемел басшы, ұлы мәртебелі король болды. Осындай дарынды басшы, дара тұлғаныӊ елі үшін тындырған әрбір ісі халықаралық деӊгейде тереӊ танып білуге, зерттеп зерделеуге әбден лайық.

Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен Король Фейсал атындағы Исламдық зерттеулер орталығымен бірлесе ұйымдастырылады.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек ашты.

Көрме екі ел арасындағы саяси-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға, мәдени ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған.

Көрме 2017 жылдыӊ 28 тамызына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны