28.08.2006, 17:08 3149

Алматыда "Алатау-2006" командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі

АЛМАТЫ. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда қыркүйек айының аяғында қала мен Алматы облысының кейбір аудандарында қуатты жер сілкінісі бола қалған жағдайда осындай зілзалаға жедел жауап қатуға тиісті барлық күштердің ықпалдастығын пысықтауға арналған командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қаласы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи зілзалалардың алдын алу және олардың зардабын жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-жаттығуларға министрліктер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құрылымдық органдары, Алматы және Астана қалалары мен облыстардың өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметтері, Алматы қалалық құтқару қызметі, апаттан құтқару қызметі мен қаладағы құрылымдар қатысады.

"Алатау-2006" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге дайындық мәселелері 1-қыркүйекте қалалық әкімшіліктің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі мекемеаралық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны