26.09.2018, 20:40 7060

Алматыда "Алатау алабыӊда" атты халықаралық фестиваль аяқталды

Халықаралық фестивальге түркітілдес 11 мемлекеттіӊ өкілдері жиналды.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Алатау алабыӊда" атты халықаралық фестиваль аяқталды.

Мерекеніӊ қонақтарына ауқымды концерт ұсынылды.

Іс-шараға түркі мәдениетініӊ Түрксой ұйымы мен "Алатау" дәстүрлі өнер театры бастамашы болған.

"Алатау алабыӊда" атты халықаралық фестиваль Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр.

Халықаралық фестивальге түркітілдес 11 мемлекеттіӊ өкілдері жиналды.

Қала күніне орайластырылған бұл шара шетелдік қонақтардыӊ қалаға тартқан өзіндік тартуы болып табылады.

"Бұл фестивальге келгеніме өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін. Алматы - өзіндік бірегей мәдениеті бар сәулетті қала. Алматылықтарды тамаша мереке - қаланыӊ 1002 жылдық мерейтойымен құттықтау сәті түскеніне бақыттымын",- дейді Башқұртстаннан келген фестиваль қатысушысы Ешмурат Елбаков.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ залы халыққа лық толды. Өйткені, іс-шараға Түркия, Изербайжан, Өзбекстан, Хакасия мен Татарстаннан жыршылар мен орындаушылар келген болатын.

Дәстүрлі қазақ күйлеріне де кезек берілді.

"Біздіӊ мақсатымыз - түркі мәдениетініӊ біртұтастығы, өнерде тіл айырмашылығы деген болмайды. Ол баршасына түсінікті. Біз қазақ музыкасын дүниежүзі білгенін қалаймыз. Бірақ біздіӊ отандастарымыз да әлемдегі тамаша жырлар мен бірегей туындылардан, осындай рухани байлықтан хабардар болуға тиіс",- дейді "Алатау" дәстүрлі өнер театры директорыныӊ орынбасары Азамат Ақан.

Бірнеше күнге созылған фестиваль ауқымды концертпен лайықты түрде аяқталды. Осы уақытта шақырылған қонақтар шеберлік сабақтарын өткізіп, тамаша мерекелік шеру арқылы Алматыдағы Жібек жолы көшесінде, халық арасында Арбат атауымен танымал жаяу жүргіншілер көшесінде серуендеп жүрген халықты тамсандырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны